Мектеп тарихы » №18 орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№18 жалпы білім беретін орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 4-48-73
Есепші бөлімі:
+7(72774) 4-48-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
февраль
2018

Мектеп тарихы

Алматы облысы Талғар ауданы
 Алмалық ауылындағы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 18 жалпы білім беретін орта мектеп» МКМ 
«Тарих- өткеннің куәгері, шындықтың шырайы, жанды жады, өмір ұстазы, көненің хабаршысы» Цицерон

Маған бүгін керек емес ертегі,
Ертегіні балам өзі шертеді
Тарих керек- іргетасы қазақтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі

Тәуелсіз еліміздің тыныш аясында Алатаудың баурайында орналасқан, болашағына сеніммен қарап еңбек етіп жатқан Талғар ауданындағы мектептердің бірі- № 18 орта мектеп. 85 жылдық тарихы бар осы мектептің іргесі қазіргі Байбұлақ ауылында (ол кездегі атауы Дорорс) 1930 жылы қаланған екен. 1924 жылғы Кеңес үкіметінің «Сауатсыздықты жою» қоғамының аясында өлкеде сауатсыздықпен күрес нәтижесінде 4 жылдық бастауыш мектеп болып ашылады.
1930 жыл. Алғашқы мектеп
Кеңес үкіметінің билігі кезінде осы маңдағы ауылдардың барлығында негізінен славян тектес ұлттар көп болғандықтан осы 4 жылдық мектепке Н.К.Крупскаяның аты берілген. 1930-35 жылдары 3 ауылдың яғни Қызыл Қайрат, Учхоз ауылдарының әртүрлі жастағы балалары қатынап оқиды. Мектептің алғашқы директоры Моисеева Степанида Яковлевна. Осы бастауыш сыныптың бірінші сыныбына барған 5 оқушыда орыс ұлтының өкілдері болған. Олар:
Терновых Иван Яковлевич Ұлы Отан соғысына қөатысқан
Бурлуцкий Иван Григоревич
Пушкин Николай Михайлович
Гребникова Татьяна Александровна
Овщеникова
1935 жылы бұл ғимаратқа ауданнан Рабфак көшіп келгеннен кейін мектеп Алмалық ауылындағы Шарап шығаратын заводтың аймағына орналастырылады. Бастауыш мектеп 2 жыл осы заводтың ғимаратында жұмыс істейді.
1937 жылы осы ауылдың қазіргі Абай көшесіндегі 4 бөлмелі ғимаратқа ауысып 7 жылдық мектеп болып қайта құрылады. Мектеп көшіп келгенге дейін бұл ғимарат сол кездегі совхоздың қосалқы шаруашылық жүргізетін яғни жеміс жидек жинап, сақтап кептіретін орны болған. 7 жылдық мектепте 50-60 оқушы екі кезеңмен оқыған. Соғыстың алдындығы жылдары кеңес үкіметінің барлық мектептерінде мұғалім жетіспеушілігі бұл мектептеде болған. Бір мұғалім 2-3 сыныпқа қатар сабақ берген. Соғысқа дейін мектеп директорлары Голованов Григорий, …
Осы жеті жылдық мектепте сабақ берген
Романова Мария Филиповна (бастауыш сынып мүғалімі)
Колесникова Полинария Николаевна (орыс тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі)
Колесников Николай Николаевич (физика пәнінің мұғалімі)
Колесникова Надежда Николевна (матеметика пәнінің мұғалімі)
Голанко Мария Максимовна (тарих пәнінің мұғалімі) сияқты біраз
ұстаздар соғыс тауқыметін тарта жүріп, оқушыларға білім берген. Ауылдағы жалғыз мәдениет ошағы болғандықтан соғысқа қатысты жиындарда, іс-шараларда осы мектепте өтілетін. Соғыс кезінде көптеген ауыл балалары сабақты тастап тыл жұмысына араласқандықтан мектепте балалар саны азайып үш ауылдың 30-40-тай баласы ғана білім алды.



1941 жылғы мектеп ұжымы
Соғыс аяқталып ел бейбіт өмірге көше бастаған кезде мектептегі балалардыңда саны көбейді. 1948 жылы мектеп директоры Колесникова Полинария Николаевна тұсында ел бейбіт заманға көше бастаған кезде мектептегі оқушы саныда арта түскен. 1949-1950 оқу жылында мектеп басшысы Жданов Василий Григореевич болған. Ал 1951-1987 жылдары яғни 36 жыл мектеп директоры болып қызмет атқарған Рудман Петр Дмитриевичтің қызметінің мектеп тарихындағы алатын орны ерекше. Осы ауылдың үлкені мен орта буын өкілдері осы бір қарапайымда балажан адам туралы ерекше еске ала әңгімелейді. Жарты ғасырға жуық мектепке басшы болған ұстаз мектеп жанында тұрған. Ата-анлар, әріптестері, оқушыларда ол кісіні мектеп басшысы ретінде емес білімдіде қарапайым ұстаз ретінде жақсы көрген. Мектеп үшін көп еңбек сіңірген басшының жұбайыда Рудман Клавдия Трифановна бастауыш сынып мұғалімі болып көп жылдар қызмет атқарған. 50-60 жылдары қызмет атқарған ұстаздар қатары біршама көп болған.
Ребякина Анастасия Алексеевна (Бастауыш сынып мұғалімі) Семенова Лилия (бастауыш сынып мұғалімі)
Левашова Анна Иванована (бастауыш сынып мұғалімі)





1956 жылғы мектеп ұжымы
Зайцева Зинаида Ивановна (бастауыш сынып мұғалімі) Михайлова Элизавета Ивановна (матаматика пәнінің мұғалімі, көп жылдар директордың оқу ісі хөніндегі орынбасары болған)
Величко Вера Кирилловна (биология пәнінің мұғалімі) Семенова Райиса Семеновна (бастауыш сынып мұғалімі) Мезенцева Тамара Евгеневна (мектеп кітапханашысы)
Чарушева Полина Демидовна тағыда басқа аталмаған ұстаздар еңбек еткен. 1950-60 жылдары сыныптарда 20-25 баладан болған.



1960 жылдардағы мектеп ұжымы
1960 жылдары мектеп жанынан кешкі мектеп ашылған. Күндіз жұмыс істеп кешкі мезгілде білім алған жасөспірімдер саны 15-20-дай болады. Уақыт өте келе оқушылар саны көбейіп ата-аналар ,мектеп мұғалімдерінің бастасамен саманнан екінші ғимарат салынады. Осы ғимаратты салуға ел болып көмек көрсетеді. Атпен батпақ айдап, кірпіш қалап мектеп құрлысына көмектескен ауыл адамдарыда көп болған. Мектеп жанындағы учаскеде мұғалімдер мен оқушылар жұмыс істеп түскен өнімдерін сатып мектепке керек заттар алып отырған. 1975 жылы 3 ғимарат салынған. 1977-1978 оқу жылында 7 жылдық мектеп 8 жылдық болып құрылады.


1975 жыл алғашқы қоңырау оң жақта 35 жыл мектеп басшысы болған
Рудман Петр Дмитреевич



8 жылдық мектепте тек орыс сыныптары болған. Тоқырау жылдарының соңына қарай яғни 1979-1980 оқу жылында барлық жерлерде 8 жылдық мектептердің орнына 9 жылдық орталау мектептер ашыла бастаған кезде бұл мектепте қайта құрылады. Сол жылдары мектепте жұмыс істеген ұстаздар ұжымы да көбейген.
Снегерева Алла (биология пәнінің мұғалімі)
Кузенбаев ()
Кириллин Петр Адрианович (математика физика пәнінің мұғалімі)
Чарушина Полина Демидовна (математика пәнінің мұғалімі)
Величко Вера Кирилловна (биология пәнінің мүғалімі)
Доронина Любовь Викторовна (бастауыш сынып мұғалімі)
Винакурова Галина Николаевна (неміс тілі пәнінің мұғалімі)
1987 жылы мектеп басшылығына 1970 жылдан бастап осы мектепте 30 жыл қызмет атқарған орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағындықова Гульсара Какеновна келеді. 1972 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған,1987-1998 жылдар аралығында мектеп директоры болған осы кісі де ауылдың байырғы тұрғындармен ұстаздардың есінде ерекше сақталған. Мектеп десе жанын аямаған басшы бар уақытын, білімін,мектеп жұмысына арнаған.

Осы кісі басшылық еткен жылдары яғни еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары мектепте қазақ сыныптары ашылып, мектепке қазақ балалары келе бастаған. Мектепте қазақ сыныптарын ашуға өз үлестерін қосқан зейнеткер қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалісмі Нүрпейісова ВераБуратайқызы, Қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдердің жетіспеуі сыныптарда бала санының аз болуынан сол жылдары тіпті қосарланған сабақтар жүргізілген.


1998-1999 жылдары Сағындықова Г К зейнетке шыққан соң мектеп директоры болып Акимханова Фарида Абыханқызы тағайындалады. 2000 жылы мектеп басшылығы тағыда ауысып директорлыққа Жақсылықова Кенжегүл Зарлыханқызы келді. Осы жылы Алмалық ауылындағы балабақшаның ғимараты мектепке ыңғайланып, күрделі жөндеуден өтеді. Осы оқу жылында орталау мектеп орта мектеп болып құрылады. Орта мектеп атауын алғаннан кейін К Зарлыханқызының тынымсыз еңбегінің нәтижесінде мектептегі бала саныда ұстаздар қатарыда көбейеді. Мектеп жанындағы жер телімінде қосалқы шаруашылық жүргізіліп, экология, би үйірмелері нәтижелі жұмыс істеді. Орта мектеп статусын алған мектептің алғашқы түлектерінің саны 22 болды. Осы мектепте тәжірибелі ұзақ жылдар еңбек еткен ұстаздарда көп болды.
Доронина Любовь Викторовна (бастауыш сынып мұғалімі) Айтмырзаева Әлия Айтмырзақызы (музыка пәнінің мұғалімі)
Асанова Любовь Александрована (бастауыш сынып мұғалімі)
Махмудов Мамед Вазирович (экология)
Есимова Биғайша Есимовна (Неміс тілі пәнінің мұғаімі) Винакурова Галина Ивановна (неміс тілі пәнінің мұғалімі) Агентова Юлия Андреевна (орыс тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі) Ахметов Қалихан Ахметұлы (дене шынықтыру пәнінің мұғалімі)



Мектеп ұстаздары 2001-2002 оқу жылында облыстық «Ауыл мектебі» сайысына қатысып ІІ орын иеленсе, оқушылар облыстық , Республикалық сайыстардын жүлделі орныдарды алып отырды. 2004-2010 жылдары Баймолдаева Эльмира Жексенқызы басқарған кездеде мектеп жоғарғы жетістіктерге жетті. 2011-2012 оқу жылында 1975 жылы салынған ғимаратта шағын орталық ашылды. Қазіргі күні 25 бала тәрбиеленуде. Тәжірибелі ұстаздар Жуашева Ғалия Тұрсынбайқызының, Андреева Ольга Борисовнаның, Молдабаева Несіпті Айтмолдақызының оқушылары мектеп мәртебесін көтеріп отырды.
Бүгінгі күні мектепте 340 оқушы білім алуда. 57 мұғалім жұмыс істейді.
1965 жылғы ғимарат1936 жылғы ғимарат

Похожие публикации:

05 февраль 2018 Мекен жайымыз
05 февраль 2018 Мектеп әкімшілігі
28 март 2017 мекен жайы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив